Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығығында 25-қазан Республика күніне арналған «Туған Қазақстанымды мақтан тұтамын» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл мерекеде тәрбиеленуші балалар өзінің еліне, жеріне, Отанына деген патриоттық сезімдерін ән, би өлеңдері арқылы жеткізе білді. Ең әсерлі Отанға деген махаббатын еліміздің, жеріміздің байлығын көрініс арқылы көрнекіліктерді қолдана отырып, мақтанышпен көрсете білді. Жаңа Қазақстан, болашақ көркейген Қазақстан тәуелсіз еліміздің негізін қалаушы, өсіп-өркендеуі жас жеткіншек балаларымыздың қолында.