Мектеп-интернат педагогикалық ұжым арасында «Дамуында тежелуі бар оқушыларды оқытып, тәрбиелеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып қоғамға бейімдеу» атты кезекті семинар-практикум өтті. Семинарда еңбек пәнінің ұстаздары Әлібеков С.Б., Ташимова Н.Р. және тәрбиешілер Мукашева К.И., Садвакасова А.А. өздерінің іс-тәжірибелерін ортаға салып, ұжыммен бөлісті.
Негізгі мақсаты – оқыту мен тәрбиенің ұтымды әдістерін қолдана отырып, дамуында тежелуі бар ұл, қыздардың қиындықсыз қоғамға бейімделіп кетуіне ықпал ету.
Осындай ерекше балаларды ерте кезеңнен тиімді оқытып, тәрбиелеудің ұтымды әдістерін зерттеп, іске асыру білім беру саласында коррекциялық педагогиканың басты міндеттері болып отыр. Осы орайда еңбекке баулу пәні арқылы «Арт-терапия» технологиясын қолданудың бала дамуына ерекше ықпал ететінін Ташимова Н.Р. баяндап, сабақ барысында орындалатын жұмыс түрі – түрлі-түсті жүндермен сурет салу әдісін ұжыммен бөлісті. Болашақта қолдан жасалған бұйымдарды тұтынушының талғамына сай жасап, коммерциялық мақсатта пайдалануға болатынын оқушыларға үйрете отырып, оқыту әдістерімен Әлібеков С.Б. қызықты баяндап, практикалық бөлімінде ұжымға әсем бұйымдарды бала деңгейінде қалай жасауға болатынын көрсетті. Оқудан тыс уақытта тәрбиешілер Мукашева К.И., Садвакасова А.А. үйірме жұмыстарының жұмыстарымен, жетістіктерін ұжыммен таныстырды. Мукашева К.И. төменгі сынып арасында өткізілетін «Қуыршақ» театрын жүргізу іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинарды қорытындылай келе педагог В.А.Сухомлинскийдің «Баланың рухани өмірін ол ойын, ертегі, музыка, қиял, ғажайып, шығармашылық әлемінде өмір сүргенде ғана толыққанды деп айтуға болады. Онсыз ол кеуіп қалған гүлмен тең» сөзімен аяқталды.