Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мерекесі екенін түгеліміз білеміз. Ал біздің мектеп - интернатымызда тұрып, оқып, тәрбиеленіп жатқан балалар үшін бұл күн тіптен бір ғажайып мереке. Сол үшінде осы балаларға 8 сынып тәрбиешісі Жансолтанова А.А. бұл мереке қарсаңында жақсы көңіл - күй, ұмытылмас сезімдер сыйлады. "Жаныңда жүр жақсы адам" демекші жақсы, ақкөңіл азаматтардың көмегімен балаларға барынша жақсы көңіл күй сыйлауға тырысып, әр тәрбиеленушіге Санта Клаус костюмдерін сыйлыққа тартты. Балалар іс - шараға қатысып, "Санта" биімен өзгелерді таң қалдырды. "Дастан" кинотеатрында көңілге жағымды комедияны тамашалаған балалар тағы бір мәрте қуанды. Ал, орталық алаңдағы жанып тұрған Жаңа жылдық аспанмен тілдескен шыршаны көргенде балалар тіптен қатты қуанды.
Балаларға жаңа жылға бақытты сәттер сыйлаған: Турсынханова Д.Б., Жургенбаев А.И., Турегельдинов Б.С. сияқты азаматтарымызға үлкен алғыс білдіреміз.