Бұл мерекені ел болып, жұрт болып тойлаймыз. Өйткені, бұл ата - бабамыздың асқақ арманы.
"Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын" деген ақ ниетпен біздің де мектеп - интернатымыздың тәрбиеленушілері мен ұстаздары мерекелік іс - шара өткізді. Бүл іс - шарада ұл - қыздарымыз өз өнерлерін көрсетті: ән айтып, би билеп, тарихымызға шолу жасалып, көрермен жүрегін тебірентіп, көзге жас алатындай өте бір керемет әсер қалдырды.
Мерекелік бағдарламаға балаларымызға қолдау көрсету үшін жақын достарымыз:
АО Сем Аз дың генеральный директоры Макишев Марат Казакбаевич;
АО “Heartland Jusan Bank“ филиалының директоры Оралбеков Адлет Оралбекович келіп, өз тараптарынан бізді құттықтап сыйлықтарын әкелді.
Мұндай іс - шаралар біздің тәрбиеленушілеріміздің патриоттық сезімдерін оятуға жол береді. Өйткені, әр баланың жүрегіне патриоттық сезім ұялату біздің басты мақсатымыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, Қазақ елі!
https://aoddschi.kz/kz/zhanaly-tar/201-t-uelsizdik-k-ni-bizdi-elimizdi-e-basty-merekelerini-biri.html#sigFreeId3c63e1d8e8






